Қызылордалық кәсіпкер Qyzylorda брендімен шоколад шығарды
Қызылордалық жеке кәсіпкер Дархан Асан Qyzylorda арнайы белгісімен шоколад шығаруды қолға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, цехтан шығатын өнім облыстың жиырмадан аса дүкендерге өткізіледі.
Бұл кәсіпті бастағанымызға бір жылға жуықтады. Шоколадтың дайындалу әдісі бұрыннан қызықтыратын. Сол кезде осыны өзіміз дайындасақ қаламыздың өз өнімі болар еді деп ойлайтынмын. Сол идеяны іске асыратын уақыт келіп, қолға алған жайымыз бар, – дейді кәсіпкер.
Бүгінде олар аптасына 300-ден аса тәтті өнімді сатылымға шығаруда. Шоколадтың екі түрі бар. Цехтың өніміне қала дүкендері де қызығушылық танытуда.
Қызылордада шығатын шоколадтың дизайны өзгеше, салмағы 90 грамм болатын тәттінің келешекте аймақтық брендке айналатынына сенім мол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астрономдар желтоқсанда аспаннан нені көруге болатынын айтты
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы