Қызылордада жұмыртқа 16% арзандаған

Қызылорда облысында жыл басынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сегіз түрінің бағасы айтарлықтай арзандаған, деп хабарлайды BAQ.KZ Сауда комитетіне сілтеме жасап.

Мәселен жұмыртқа - 559 теңгеден 465 теңгеге дейін (16,8%-ға), қарақұмық жармасы - 321 теңгеден 219 теңгеге дейін (39,5%-ға), күнбағыс майы - 680 теңгеден 593 теңгеге дейін (12,8%-ға) арзандаған.

Одан бөлек әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне кіретін мынадай тауарлардың құны түскен: күріш - 418 теңгеден 392 теңгеге (6,2%-ға), қырыққабат - 134 теңгеден 127 теңгеге (3,1%-ға), пияз – 105-тен 102-ге дейін (2,9%), рожки - 292 теңгеден 285 теңгеге дейін (2,4%-ға), бірінші сұрыпты бидай ұны - 272 теңгеден 247 теңгеге дейін (2,2%-ға).

Жыл басынан Қызылорда облысы бойынша азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі комиссияның 42 отырысы өтті.

Нәтижесінде 36 делдалдық схема анықталып, қажетті шаралар қабылданды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы