Қызылордада жол апатынан екі жолаушы қаза тапты

12 тамыз күні түнгі сағат 3:00 шамасында Қызылорда-Жалағаш тасжолында - Жалағаш ауданы Ақсу ауылының тұсында Toyota автокөлігінің жүргізушісі басқару жүйесіне ие бола алмай, жол апаты болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ІІМ мәліметінше, жол апаты салдарынан 2 жолаушы көз жұмып, жүргізушімен қоса қалған бес адам түрлі жарақаттар алды.

ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен​ сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады ведомство.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы