Қызылордада жол апатынан 20 жастағы жүргізуші қаза тапты
Оқиға 2 ақпан күні сағат 13:45 шамасында Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Шаған ауылының тұсындағы «Қарабұтақ–Қызылорда–Шымкент» тас жолында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тереңөзек кентінен Ақжарма ауылына қарай бағыт алған, газ қондырғысы орнатылған «Audi 80» автокөлігі қарсы бағытта келе жатқан Шекара қызметі департаментіне тиесілі «Урал» қызметтік көлігімен соқтығысқан. «Урал» көлігінде жүргізушіні қоса алғанда 23 әскери қызметкер болған.
Соқтығыс салдарынан «Audi» автокөлігі өртеніп, 2005 жылы туған жүргізуші Ә.Д. оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жаңа Конституцияда егемендік пен тәуелсіздік ұғымдары ерекше құндылық ретінде айқындалды – Қарин
Келесі жаңалық
WhatsApp жаңа пайдалы функцияны іске қосты
Өзгелердің жаңалығы