Қызылордада жол апаты салдарынан 3 адам қаза болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасы болды. Қайтыс болғандар бар, деп хабарланды Polisia.kz сайтында.
4 наурызда сағат 00:30 шамасында "Қызылорда-Жалағаш" тасжолының Сырдария ауданы, Қалжан Ахун ауылы тұсында "Ваз-21214 Нива" маркалы автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, қарама-қарсы бағытта келе жатқан "Опель Вектра" автокөлігіне соқтығысқан. Салдарынан үш адам қайтыс болды, бес адам жарақат алды. Аудандық ауруханаға жеткізілді, - делінген ведомство хабарламасында.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 345-бабының 4-бөлігімен (Абайсызда екі адамның немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс бойынша барлық қажетті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коронавирус: әлемнің 72 еліне тарады
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы