15 Қараша 2024 2024, 00:30 Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Қызылордада жанармай құю бекеті өртенді

Қызылорда облысы Шиелі ауданында жанармай құю бекеті өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қызылорда облысы Шиелі ауданында жанармай құю бекеті өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, газ-ауа қоспасының тұтануы кейіннен жануына әкеліп, жалын жақын орналасқан 2 қабатты ғимаратқа көшкен.

Өрт сөндірушілер жақын жерде тұрған бензині бар 20 тонналық резервуарды жоғары температурадан жарылуының алдын алу үшін сумен салқындата отырып, 360 шаршы метр аумақтағы өртті жойды, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Оқиға салдарынан 1991 жылы туған ЖМҚС қызметкері ауырлығы орташа дәрежеде ауруханаға жатқызылды.

ТЖМ кәсіпкерлерді өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.