Қызылордада жаңа туған сәбиін жол бойына тастаған әйел ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің бойынан жаңа туған шақалақ табылды, деп хабарлайды AstanaTV.

Полицейлер хабарламаны мұқият тексеріп, нәрестенің анасының өзі қоңырау шалғанын анықтады. Алғашында ол баладан бас тартпақ болғанымен, кейін райынан қайтқан.

ҚР ҚК-нің 119-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі таңда кент тұрғыны босанған қызы екеуі Қазалы аудандық перзентханасында ем қабылдап жатыр. Қылмыстық іс тоқтату сатысында, – дейді полицейлер.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы