27 Қыркүйек 2025 2025, 22:37 Фото: canva

Қызылордада жаңа туған сәбиді әуе арқылы жедел эвакуациялады

Жаңа туған сәбиді шұғыл ауруханаға жеткізу қажет болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңа туған сәбиді шұғыл ауруханаға жеткізу қажет болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шұғыл жағдайда көмекке "Қазавиақұтқару" АҚ құтқарушылары келді. Әуе кемесінің экипажы Жаңақорған ауылынан Қызылорда қаласына жаңа туған сәбиді эвакуациялауды жедел орындады.

Медициналық бригаданың, ұшқыштар – Ақжолтай Жасұлан мен Асанов Қалдыбектің, бортмеханик Қожамжаров Сәбиттің, инженерлер Баякенов Мақсат пен Степичев Павелдің үйлесімді жұмысының арқасында жаңа туған сәби қауіпсіз және жылдам медициналық мекемеге жеткізілді, онда оған қажетті көмек көрсетілуде, – делінген хабарламада.