23 Тамыз 2024 2024, 23:52 Фото: скрин

Қызылордада ТЖМ өрт сөндірушілері жеке тұрғын үйді өрттен қорғап қалды

Қызылорда қаласы Қызылжарма кентінде сарайдың шатыры жанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қызылорда қаласы Қызылжарма кентінде сарайдың шатыры жанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында, өрттің жақын орналасқан жеке тұрғын үйге таралуына жол берілмеді.

Өрт 60 ш.м. алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда, - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.