Қызылордада тұрғындарды 26,7 млн теңгеге алдаған әккі алаяқ ұсталды

Қызылордада 19 тұрғынды 26,7 млн теңгеге алдаған әккі алаяқ ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел уәкілдері 19 қала тұрғынын сыйақы үшін қайтарымсыз грант алып беремін деп уәде берген 42 жастағы әйелді анықтады.

Күдікті әйел 2022 жылдың наурыз айынан бастап қайтарымсыз грант алып бере алатынын айтып, 19 жәбірленушіден жалпы сомасы 26 млн 730 мың теңге ақша алған. Ақшаны алғаннан кейін бұл азаматша телефон қоңырауларына жауап бермей, қашып жүрген.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 1,4-тармақтары бойынша (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы