Қызылордада теміржол арқылы жаңа жол өткелі салынады
Қызылорда облысында теміржол арқылы өтетін көпір салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, "Мемсараптама" РМК Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентінде темір жол арқылы өтетін жол өтпесін салуға жобалық құжаттаманы қарау қорытындысы бойынша оң қорытынды берді.
Мырзағалиева көшесі бойымен темір жол арқылы салынатын жол өтпесінің құрылысы Жосалы кентінде Қауіпсіз автокөлік қатынасын жүзеге асыру қажеттілігінен туындады. Жол өтпесінің ұзындығы 84,75 м болады . Жол өтпесінің көлемі 2 жолаққа есептелетін болады.
Сондай-ақ, жобада екі жағынан тротуарларды орнату көзделген.
Жобаның тапсырыс берушісі "Қармақшы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, бас жобалаушы - "Қарағандыказдорпроект" ЖШС екені айтылды.