Қызылордада сотталғандарға 240 кітап сыйға берілді
Қызылордада жазасын өтеушілерге кітап сыйға тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын өтеушілерге Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының мамандары қазақ және орыс тіліндегі 240 кітапты сыйға тартты.
Мекеменің кітапханашы маманы Батыржан Сәруаровтың сөзінше, сотталған азаматтардың арасында кітап оқығанды ұнататындар көп.
Кітап – ғылыми азық. Қазіргі таңда мекемеде жазасын өтеп жатқан әрбір сотталған азамат қабылдауға жазылып, өздеріне қажетті кітаптарды ала алады. Кітап оқу арқылы өмірге деген көз-қарастары өзгеріп, жаңа өмірге қайта бейімдеуге құлшыныстары артады. Арнайы әдеби шараларда әдеби шығармаларды паш етіп, сотталған азаматтардың ой санасын қайта бейімдейміз, – дейді мекеменің кітапханашы маманы Батыржан Сәруаров.