Қызылордада сотталған азаматша анасына алғыс білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада сотталған азаматша анасына алғыс білдірді, деп хабарлады Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.

Қызылорда қаласындағы ЗК-169/4 мекемесінде 130-дан астам сотталған  жазасын өтейді. Олардың арасында әйел азаматшалар да бар. Бүгін 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай сотталғандар бейнебайланыс арқылы ата-аналарына, туған-туыстарына өз алғыстарын жеткізді.

Алаяқтық бабымен сотталған азаматша өзінің анасына бейнебайланыс арқылы қоңырау шалып, өз ісі үшін кешірім сұрап, қиын-қыстау кезеңде қасында болғаны үшін алғысын білдірді.

Жаңылып, шалыс бассам да анам  қолдау көрсетіп, хабарласқан сайын бұл сынақ екенін алла қаласа бәрі жақсы болады деп мені жұбатады.  Менің бар асылым, қамқоршым – анашым. Сол үшін сізге алғысым шексіз! Бұл жерден шыққан соң анашымды ренжітпей, көңіліне қаяу түсірмей, қолымнан келген бар жақсылығымды тек анама арнаймын,- дейді сотталған азаматша. 

Қызының сөзін естіген ана көз жасына ерік беріп, қызының аман-есен бостандыққа шығуын тіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы