Қызылордада саяжай тонағандар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда қаласында үй ұрлығына қатысты 2 күдікті ұсталды. Олар облыс орталығының тұрғындары. Тергеу барысында екеуі де өз кінәсін мойындады, деп жазды Хабар24. 

Ұрылар саяжайлардың біріндегі 9 үйге кіріп, тұрмыстық жабдықтарды алып кеткен. Олардың өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілу үстінде. Көкшетау қаласында көп пәтерлі тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар тілсіз жауды өшіріп үлгерді. 

Қызыл жалын тұтанған пәтерде 55 жастағы ер адам түтінге уланып қалған. Оған дәрігерлер дереу көмек көрсетіп, аман алып қалды. Алдын ала мәлімет бойынша өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан болған.

Екі жүріспен өрт орнына екі өрт сөндіру жасағы аттандық. Өрт орнына бара жатан кезде ауқымы үлкен түтін шығып жатқанын байқадым. Светті өшіру, газ баллондарды шығару, жалпы толыққанды үйді өрттен сөндірдік, - деді өрт сөндіру бөлімінің қарауыл басшысы Әділет Серік.

Алматыда автокөліктердің айнасын ұрлаған 31 жастағы ер адам қолға түсті Полицейлер күдіктінің пәтерін тінту кезінде шетелдік көліктердің айнасын тауып алды. 

Ұры заттарды сатуға дайындап қойған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.  Ақтауда көлік жүргізушісі полицейлерден қашып кетпек болды Куәгер түсірген видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Тәртіп сақшылары жүргізушіні жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан. 

Алайда ол оқиға орнынан қаша жөнелген. Жүргізуші көп қабатты тұрғын үйдің ауласында ұсталды. Оның алкогольдік ішімдік ішкені анықталған. Кінәлі адамға әкімшілік хаттама толтырылды.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы