Қызылордада қонақ үйдегі өрт сөндірілді

Қызылордалық өрт сөндірушілер қонақ үйдегі өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қызылорда облысы Арал қаласының қонақ үйлерінің бірінің 1 қабатында 30 ш.м. аланда моншада өрт орын алды.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында өрт шақырған сәттен бастап 35 минуттың ішінде толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды, - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы