Қызылордада қазақ күресінен турнир өтті

Шекара қызметінің 30 жылдығы мен «Балалар жылына» орай ҰҚК ШҚ Қызылорда облысы бойынша департаменті «Шиелі» шекара бөлімі жеке құрамының ұйымдастыруымен Қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы турнир өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сайысқа 10-11 жастағы 22-42 келі салмақ дәрежесіндегі ауданның 12 елді мекенінен және шекарашылардың балаларынан құралған командалары бар 250-ден астам спортшылар қатысты.

Шара салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау, жастарды ұлттық спорт түрлеріне баулу арқылы өскелең ұрпақтың бойындағы Отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. 

Жас палуандардың тартысты бәсекесі бес сағатқа созылып, жарыс соңында жеңімпаздар медальдармен және арнайы дипломдармен марапатталып, командалық есеп бойынша бірінші орынды Бала Би ауылының спортшылары иеленіп, арнайы кубок табысталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы