Қызылордада қаржы пирамидасын құрған әйел сотталды

Қызылордада қаржы пирамидасын құрған әйел сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

34 жастағы келіншек тұтыну кооперативін құрып, пайызсыз баспана мен автокөлік алып берем деп салымшыларды алдап, ақша жинаған. Оның арбауына түскен 11 азамат ұйымға 17 миллион 600 мың теңге салған. Қомақты қаржысынан айырылғандар құқық қорғау органдарына шағымданған.

Сотта айыпталушының кінәсі дәлелденіп, жәбірленушілерге келтірілген шығын өтелді. Ал әйел 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы