Қызылордада өзгенің көлігін сатып жіберген адам ұсталды

Қызылордада өзгенің көлігін сатып, ақшаны қалтаға басқан адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алаяқтың құрбаны болған жергілікті тұрғын болғандығын айтып, полицияға арызданған. Әйелдің айтуынша, қыркүйек айында жергілікті тұрғын сеніміне кіріп, «Lexus» үлгісіндегі автокөлігін сатып беремін деп уәде беріп, көлікті иемденіп алған.

Күдікті қала тұрғынына жалған айтып, автокөлігін сатып жіберген. Өзінің алданғанын түсінген азаматша дереу полиция басқармасына арызбен жүгінді. Жәбірленушіге 5,6 млн теңге көлемінде шығын келтірілген. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 28 жастағы күдікті ұсталды.Ол Қызылорда қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде, — деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы