Қызылордада өртке оранған көлік 15 минутта сөндірілді
Қызылорда облысында жанып жатқан көлік 15 минут ішінде сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, оқиға бүгін Жалағаш ауданындағы Ақсу ауылында болған.
ТЖМ күштерімен жеңіл көліктегі өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.
ТЖМ азаматтарды сақ болуға шақырады. Жол көлігінде төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Исламабадта Қазақстан – Пәкістан саяси консультациялары өтті
Өзгелердің жаңалығы