24 Қазан 2024 2024, 18:25 Фото: ТЖМ

Қызылордада өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды

Бүгін Қызылорда қаласы Махамбет ауылында шаруашылық құрылыс өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Қызылорда қаласы Махамбет ауылында шаруашылық құрылыс өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Барлау барысында өрт сөндірушілер өртке оранған құрылыстан 2 газ баллонын тауып алды. Ыстық әрі қысымның жоғарылауына байланысты деформацияға ұшыраған баллондар суытылып, қауіпсіз жерге шығарылды.

Өрт кәсіби өрт сөндірушілермен даму кезеңінде сөндірілді. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.