Қызылордада мектеп оқушысын пышақтап кетті

Қызылордада мектеп оқушысына шабуыл жасалып, ол пышақ жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кеуде және ішінен бірнеше пышақ жарақатын алған 15 жастағы жасөспірім облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Қазіргі таңда жасөспірімнің өміріне қауіп жоқ. Ол хирургия бөліміне ауыстырылды. Науқасқа барлық қажетті ем-дом көрсетілуде, – деп хабарлады облыстық аурухананың дәрігерлері.

Кәмелетке толмаған жасөспірімге қасақана ауыр дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде. Кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істің тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, - деп хабарлады Қызылорда облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Серік Әбдімәуленұлы Тоқтыбаев.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде қатарластарын ұрып өлтірген 3 оқушы түрмеге қамалып, 3 оқушыға жеңілдетілген жаза тағайындалды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы