Қызылордада мектеп оқушысы қайтыс болды

Қызылорда қаласында мектеп оқушысы төбелес салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәліметтерге сүйенсек, оқиға Қызылорда қаласындағы Белкөл кентінде орын алған. Бұл туралы Қызылорда облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Амангелді Досжанов айтты.

12 ақпанда Қызылорда қаласы Белкөл кентіндегі медициналық мекемеге кәмелетке толмаған жасөспірімнің мәйіті жеткізілген. Аталған дерек бойынша тергеу басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді,-деді ол.

Аталған жайт бойынша тұрғындар екі оқушының сөзге келіп, бірін-бірі соққыға жыққанын айтады. Қайғыла оқиға түскі 2-лер шамасында кенттегі көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінде орын алған. Тәртіп сақшылары оқиға орнында жұмыс жасап, құқық қорғаушылар істің құпиялығына байланысты қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы