Қызылордада мектеп оқушысы 6 жасар қызды зорлаған
Қазір зардап шеккен бүлдіршін ауруханада жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қызылордада педофилияның жаңа дерегі анықталды. 9-сынып оқушысы 6 жастағы қызды зорлаған. Қазір бүлдіршін ауруханада жатыр, ал 16 жастағы жасөспірім қамауға алынды.
Қызылорда қаласы Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Айдар Қасанов тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын растады.
2024 жылдың 10 ақпан күні қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық іс бойынша күдікті ұсталып, қамаққа алынды. Тергеу барысы департамент бастығының қатаң бақылауында, - деді ол.
Расталмаған мәліметке сәйкес №282 орта мектептің 9-сынып оқушысы қамаққа алынған. Азғындыққа барған оқушы бұрын да мектебінде теріс қылықтарымен көзге түскен деседі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
2024 жылы білім саласында не өзгереді
Өзгелердің жаңалығы