2 Қыркүйек 2026, 21:18 Фото: Скриншот

Қызылордада кортеж ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Құқық бұзушыларға қатысты заң аясында тиісті шаралар қабылданып, бір автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Қызылордада әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында жол қозғалысы ережелерін бұзған кортеждің бейнежазбасы анықталды.

Полиция мәліметінше, бірнеше жүргізуші қала аумағында кортеж ұйымдастырып, жол жүру және маневр жасау талаптарын бұзған. Сондай-ақ авариялық сигналды заңсыз пайдалану және мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз көлік басқару деректері тіркелді.

Полиция барлық қатысушыны анықтап, бөлімшеге жеткізді. Олар 20-35 жас аралығындағы Қызылорда қаласының тұрғындары болып шықты. Құқық бұзушыларға қатысты заң аясында тиісті шаралар қабылданып, бір автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертті. Жолды бөгеп жүру, авариялық сигналды заңсыз пайдалану және қауіпті маневр жасау жауапкершілікке әкеп соғады.

Әлеуметтік желілердегі құқық бұзушылықтарды анықтау бағытындағы мониторинг жалғасуда.