Қызылордада көлік толығымен өртеніп кетті

Қызылордада бес қабатты тұрғын үйдің жанында тұрған жеңіл көлік жанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жеңіл автокөлікті толығымен шарпыған өрт 12 минут ішінде сөндірілді.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Алдын-ала болжам бойынша, өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы