5 Қараша 2026, 11:09 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Ербол Бекболат

Қызылордада із-түссіз жоғалған 65 жастағы ер адамның мәйіті табылды

Қызылордада бірнеше күн бұрын хабар-ошарсыз кеткен 65 жастағы Ғани Көшербаевтың мәйіті табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қала тұрғыны 29 қазан күні үйінен шығып, қайта оралмаған. Оны іздеуге барлық күш пен құрал жұмылдырылып, кешенді жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілген.

Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған ер азаматтың мәйіті қала аумағынан табылды. Сот сараптама қорытындысымен мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ, - делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Ведомство марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Бұған дейінгі жарияланған ақпараттарда Ғани Көшербаевтың деменция диагнозы бар екені айтылған еді.