Қызылордада есірткі арнасының жолы кесілді

Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша ҰҚК департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткіні жеткізудің өңірлік арнасын жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 2024 жылғы наурызда Қызылорда қаласында 3,5 кг апиынды сатуға әрекеттенуі кезінде Қазақстанның 5 азаматы ұсталды.

Бұдан басқа, қосымша іс-шаралар барысында заңсыз сора өсіру жөніндегі астыртын зертхана табылды.

Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қылмыстық кодекстің 300-бабының 2-бөлігі және 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы