Қызылордада емхана анықтама құнын негізсіз қымбаттатқан
Қызылорда қаласының прокуратурасы дәрігерлік анықтама үшін қызмет құнының негізсіз қымбаттатылғанын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қызылорда облысы прокуратурасының мәліметінше, көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап-тексеруден өткізу жөніндегі комиссияның құрамына учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы дәрігерлік практика дәрігері, психиатр, офтальмолог және отоларинголог енгізіледі.
Алайда Қызылорда қалалық орталық емханасында №073/е анықтамасының (жүргізуші куәлігі үшін қажетті) қызмет құнына терапия, офтальмолог, отоларинголог медбикелерінің ақысы негізсіз қосылған, - делінген хабарламада.
Прокурорлық қадағалау актісінен кейінанықтама үшін қызметтің құны 5700 теңгеден 3500 теңгеге дейін төмендетіліп, шектелмеген тұлғалардың құқықтары қорғалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев Лаос президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Өзгелердің жаңалығы