Кеше 2026, 16:39 Фото: ©BAQ.KZ архиві

Қызылордада дәрігерге қол көтерген тұрғын жазаланды

Бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды

Қызылорда қаласының №2 сотында дәрігерге қол көтерген тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы жәбірленушіні дәрігерлік амбулаторияның кабинетінде науқас қабылдап, өзінің қызметін атқарып отырғанда кіріп келіп, жанжал шығарған.

Өз кезегінде жәбірленуші кезекпен кіруді талап еткен уақытта, сотталушы оның жағасынан ұстап, жұдырығымен соққы жасап, денсаулығына жеңіл зиян келтірген. Сотталушы Г. ҚР ҚК-нің 108-1-бабы 2-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, деп хабарлады Қызылорда қаласы сотының баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін дәрігерді ұрғандар енді қатаң жазаланатыны айтылды.