Қызылордада дәмхана өртеніп, 14 адам эвакуацияланды
Қызылорда қаласында 11 мамырда таңертең бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дәмханадан өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өрт кезінде құтқарушылар 14 адамды эвакуациялады.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт шыққан дәмхана бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар баспалдақ маршымен тұрғындарды эвакуациялады.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт сәтті жойылды. Қызыл жалын 20 шаршы метр аумақты қамтыды.
Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада «Run for Autism» қайырымдылық жарысы өтеді
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы