Бүгiн 2026, 13:15 Фото: видеодан скриншот

Қызылордада бір уақытта 4 көлік соқтығысты

Қызылордада жол апаты болып, бірнеше көлік зардап шекті.

Қызылордада бірнеше көлік соқтығысқан жол апаты тіркелді. Оқиға 2026 жылғы 5 сәуір күні Қызылорда қаласы Тәуелсіздік көшесінің бойында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қызылорда қаласы Полиция Басқармасы оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

Аталған дерек бойынша кінәлі жүргізушіге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптарына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды, - деді ведомство. 

Ал әлеуметтік желіде тұрғындар дәл осы Тәуелсіздік көшесінде қатты жылдамдықпен жүретінін айтады.