22 Ақпан 2026, 14:13 Фото: pixabay.com

Қызылордада автосервис дүкені өртенді

Зардап шеккендер жоқ.

Қызылорда қаласында Жеңіс көшесі бойындағы екі қабатты автосервис ғимаратының бірінші қабатындағы 50 шаршы метр қоймада автокөлік бөлшектері өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері оқиға орнына дереу жетіп, өртті сөндірді. Қабылданған шаралардың арқасында жалынның екі қабатты ғимараттың басқа бөлігіне таралуына жол берілмеді.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.