Қызылордада аса ірі көлемде есірткі саудаламақ болған күдікті ұсталды

Қызылорда облысында аса ірі көлемде "синтетика" саудаламақ болған күдікті құрықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Қызылорда қаласының 34 жастағы тұрғынын ұстады.

Сараптама қорытындысы көрсеткендей тінту кезінде тәркіленген ұнтақ салмағы 261 грамм болатын α-PVP психотроптық заты екені анықталд, - делінген ведомство хабарламасында.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды, тергеу жалғасып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы