Қызылордада ақбөкендерді атқан браконьерлер ұсталды
Қазір Қызылорда қаласының полиция басқармасы ҚР ҚК 339-бабының 1-1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мәлім етті.
2024 жылғы 6 ақпанда "Охотзоопром"ӨБ" РМҚК Қызылорда өңірлік филиалының мемлекеттік инспекторлары құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен және Қызылорда облысының облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бірлескен рейдтік іс-шара өткізді. Қызылорда облысы, Қарауылтөбе ауылында "Toyota Hilux" және "Toyota Land сruzer" маркалы автокөліктері тоқтатылды. Тексеру барысында ақбөкен жануарына ұқсас жануарлардың ұшасы табылды, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ересектер арасында қызылша ауруын жұқтыру көбейіп барады
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы