Қызылордада әлеуметтік сән үйі мен дәріхана ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада Әлеуметтік сән орталығы ашылды, деп жазды әкімдіктің ресми сайты.

Орталық Ғани Мұратбаев көшесінде орналасқан.

Бұл сән салоны жалғызбасты аналар, ерекше жандар мен жетім балаларға тегін қызмет көрсетеді. Ал көпбалалы аналарға жеңілдікпен қызмет жасайды.

Айта кетейік, жуырда Тереңөзек кенті орталығынан «Аптечка» деп аталатын әлеуметтік көтерме бағадағы алғашқы дәріхана ашылған. Дәріхана жергілікті тұрғындарды қолжетімді, яғни арзан әрі сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге кірісті. 

Мұндағы дәрі-дәрмектің бағасы тұрғындарға қолжетімді, нарықтағы бағадан 20 пайызға арзандатылып сатылуда. Әлеуметтік жеңілдік барлық сатып алушыларға бірдей жүргізіледі, тұрғындар дәрі-дәрмекті алу үшін ешқандай құжат керек емес.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы