Қызылордада 7 адамды кене шақты
Қызылорда төңірегінде кене шықты. 7 адам зиянкестен зардап шеккен, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Қазір облыс аумағында кенеге қарсы улау шарасы басталды. Күзге дейін 5 мың гектарға жуық алқапты залалсыздандыру жоспарланып отыр. Өңір конго-қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағында орналасқан.
Сол себепті өңдеу шаралары екі рет жүргізіледі. Мамандар қауіптілігі жоғары 115 елді мекенді анықтаған. Жалпы 3 мыңнан аса кене жиналды. Олардың төртеуі жұқпалы індет таратушы екені анықталған.
Осы шаралардың тиімділігін арттыру үшін тұрғындар назарына қора, аула тазалығын қатаң сақтауды және қолайсыз елдімекендерде жүргізілетін өңдеу жұмыстары барысында мал басы мен қорасын толық дәріленуіне үй иелері тарапынан қатаң бақылау қажеттігін еске саламыз. Тұрғындар арасында әсіресе далалық аймақта жұмыс істейтін мал, егін шаруашылығымен айналысатын адамдар үшін қауіп арта түседі, - деді санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенова.