Қызылордада 63 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында 63 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын салдырды, деп хабарлайды облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Қазірге дейін өңірде барлығы 63 093 адам Pfizer вакцинасының бірінші компонентін салдырды. Оның ішінде 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер – 55 385.
Ал жүкті әйелдер арасында 2 469 адам бірінші компонентпен егілді. Ал лактация кезеңіндегі әйелдер арасында бірінші компонент алғандар – 5 231.
Қаулылардағы соңғы өзгерістерге сәйкес вакцина медицина қызметкерлері, мүгедек адамдар, 50 және одан жоғары жастағы егде адамдарға салынады, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы