Қызылордада 120 шаршы метр дүкен ішіндегі заттар өртеніп кетті

Өрт сөндірушілер дүкендегі өртті жойды. Мамандардың жедел әрекет ету нәтижесінде өрт толығымен сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«112» құтқару қызметіне Қызылорда қаласындағы, Әбуов көшесіндегі азық-түлік дүкенінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Мамандардың жедел әрекет ету нәтижесінде өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қызылорда облысы ТЖД жеке құрамының 22 адамы және 6 бірлік техникасы жұмылдырылды, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы