Қызылорда – Жезқазған тас жолының 140 шақырымы қолданысқа беріледі
Биыл «Қызылорда – Жезқазған» жолының 140 шақырымы қолданысқа беріледі. Осы күнге дейін трассаның 90 шақырымына асфальт төселді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мамандардың айтуынша, 5 учаскенің үшеуінде құрылыс жұмыстары аяқталған. Тас жолдың Қызылорда облысына тиесілі бөлігі 192 шақырымға тең. Оның құрылысы келер жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс. Жалпы келісімшарт бойынша мердігерге 5 жылға дейін кепілдеме мерзімі белгіленді. Осы уақыт аралығында салынған жолдан қандай да ақау табылса, мекеме өз қаражатына жөндеп беруге міндетті.
604 инспекциялық шығу ұйымдастырылған болатын. Оның ішінде 2300 сынама материалдар алынып, зерттеу жұмыстарынан өткізген болатын. 12 пайызы техникалық талаптарға сай келмейтін болып анықталды. Бұл сәйкес келмейтін материалдар шектеп, алып тастады, - деді "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК бас директоры Болатбек Айтбаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Зайсан ауданында Кендірлік су қоймасы салынады – ШҚО
Келесі жаңалық
Бірнеше өңірлерде дауылды ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы