Қызылорда-Жезқазған күре жолын жөндеу жұмыстары басталды

Көп жылдан бері күрмеуі шешілмеген республикалық маңызы бар «Қызылорда-Жезқазған» күре жолының жөндеу жұмыстары қолға алынды,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Күре жол бойындағы жөндеу жұмыстары 6 лотқа бөлініп, оның төртеуінің мердігері анықтплған. Бүгінде жолдың 216 км шақырымына реконструкциялау жұмыстары басталды.

Қызылорда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәлімдеуінше, ел Президентінің пәрменімен жүзеге асырылып жатқан құрылыс жұмысы облыс әкімінің тікелей бақылауында тұр. Күре жолды қайта жаңғырту негіздемесіне сәйкес, ені 7 метр болатын III техникалық санаттағы жол ені 9 метрлі II техникалық санатқа ауыстыру қаралған. Сондай-ақ, жол бойында 2 жол айрығы, үй жануарларына арналған жол өткелдері, су арнасы өтетін 3 көпір, заманауи 5 дәретхана мен 6 демалыс алаңдары салынады.

Көп жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген «Қызылорда-Жезқазған» автожолының құрылысын жүргізуші медігерлер анықталды. Олар 3 қытайлық компания мен жергілікті «Қыран» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бооып табылады. Бүгінде 40 шақырым айналма жолы салынды. Жақын арада барлық айналма жолдарын ұзартып, толықтай құрылыс жұмыстарына кірісеміз, - деді «ҚазАвтожол» ҰҚ» АҚ Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары Ерсайын Мұзафар.

Негізінен Сыр өңірі мен Ұлытау арасын жалғайтын ауқымды жолдың жобасы 2025 жылға дейін аяқталады деп күтілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: tolqyn.kz
Өзгелердің жаңалығы