Кеше 2026, 23:36
Фото: Қазавтожол
Қызылорда және Ұлытау облысында жол жабылды
Жолды 2026 жылғы 28 ақпан сағат 12:00-де ашу жоспарланған.
"ҚазАвтоЖол" Қызылорда және Ұлытау облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2026 жылғы 27 ақпан сағат 23:30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық автокөлік түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі:
Қызылорда облысы:
- "Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті" (KAZ14) км 12–216 (Қызылорда қаласы — Ұлытау облысы шекарасы).
Ұлытау облысы:
- "Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті" (KAZ14) км 216–424 (Қызылорда облысы шекарасы — Жезқазған қаласы).
Жолды 2026 жылғы 28 ақпан сағат 12:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.