7 Маусым 2023 2023, 14:16 Фото: gov.kz

Қызылорда ыстық сумен қамтамасыз етілмеген – Нәлібаев

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл – өзекті мәселе. Біздің өңір, оның ішінде бірден-бір облыстың орталығы ыстық сумен қамтамасыз етілмеген. Биыл 153 көпқабатты үйге ыстық су береміз. Оған облыстық бюджеттен тиісті қаражат бөлінді. Қалған 500-дің үстіндегі көпқабатты үйлерді ыстық сумен қамтамасыз етуге уақыт керек, - деді әкім.

Сондай-ақ Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласын ыстық сумен қамту үшін жоба дайындалып жатқанын және ол жобаны жүзеге асыру үшін қанша қаражат керек екенін айтты.

Оған шамамен 20 миллиардтың үстінде қаражат керек. Ол – үлкен қаражат. Бұл мәселені біртіндеп шешетін боламыз. Оның үстіне қалада құны 215 миллиард теңгені құрайтын жаңа электр-жылу орталығы салынып жатыр. Ол 2025 жылы іске қосылады. Сол кезде жобамызды іске асырып, бірге қаланы ыстық сумен қамтамасыз етеміз деп жоспарлап отырмыз. Ол біздің үнемі бақылауымызда болады, - деді Нәлібаев.

Еске салайық, бұл ақпараттар Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз конференциясында берілді.