Қызылорда: Тұрақтандыру қорында азық-түліктің 19 түрі жеткілікті

Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысындағы тұрақтандыру қорында aзық-түлiк жеткілікті. 

Қызылорда облыстық ayыл шapyашылығы бacқapмacының aзық-түлiк қayiпсiздiгiн қамтамсыз ету бөлiмiнiң бacшыcы Eрхaн Ағыбаевтың айтуынша, өңірдегі тұрақтандыру қорында ұн үш айға жуық уақытқа жетеді. 

Тұрақтандыру қорында әлеуметтік азық-түліктің 19 түрі жеткілікті. Қазіргі таңда қорда барлығы 1314 тонна өнім бар. Атап айтар болсақ, қарақұмық, макарон өнімдері, өсімдік майы, қант және басқа да өнімдер. Оған қоса, шамамен 13 мың тоннаға жуық азық-түлік өнімдерін кәсіпкерлер форвардтық келісім шарт бойынша және айналым схемасы аясында сатып алуы керек, - дейді Ерхан Ағыбаев.

Бөлім басшысының сөзіне сүйенсек, Сыр өңірінде қант, тауық еті, жұмыртқа, өсімдік майы тапшы болуы мүмкін. 

Қант қызылшасы Жамбыл облысында өсіріледі, бірақ бұл көлем ішкі нарықты қантпен толтыруға жеткіліксіз. Сүт өнімдеріне арналған тетрапакеттерді жеткізуде мәселе туындауы мүмкін. Өйткені, сүттің сыртқы қаптамасы Еуропада өндіріліп, ол жақтан Ресей арқылы Қазақстанға транзитпен жеткізіледі, - дейді бөлім басшысы.

Қызылорда облысында жақын арада қарақұмық, күнбағыс майы, ет, картоп, пияз және басқа да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне тапшылық болмайды. 

Қазіргі таңда аймақтағы дүкен сөрелеріндегі картоп Пәкістан елінен және Павлодар облысынан әкелінсе, пияз жергілікті өнім. Егер пияз тапшылығы болса, көршілес Өзбекстан мен Тәжікстан елінен алуға мүмкіндік бар. 

Елімізде халық саны артып, азық-түлік тапшылығы анық байқалатыны жасырын емес. Бұл мәселе тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлемде байқалады. Соңғы жылдары нарықты әр ел өз өндірісінің өнімімен толтыру мәселесі өзекті болып отыр. Осы орайда айта кетейік, облыс тұрғындарын жергілікті әлеуметтік азық-түліктің 15 түрімен, оның ішінде күріш, картоп, тұз, сиыр еті қамтамасыз ету 50-ден 100 пайызға дейінгі аралықты қамтиды.

Қызылорда облыстық ауыл шаурашылығы басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаевтың мәлімдеуінше, аймақта 45 өндіріс орнын ашу жоспарланған.

Облыстағы базарларда жергілікті өнімдер сатылуы үшін жұмыс істеп жатырмыз. Сондықтан 2023 жылға қарай облыста азық-түлік өнімдерін өндіретін жергілікті шаруалар мен кәсіпкерлердің 45 өндіріс орны жұмысын бастауы керек. Алдағы уақытта Қызылордада қуаттылығы жылына 5 мың тонна өнім шығаратын ет комбинаты іске қосылмақ. Жобаны «Сыр маржаны» ЖШС өкілдері жүзеге асыруда. Қармақшы ауданында «Қармақшы құс» ЖШС қуаттылығы жылына 1500 тонна тауық етін өндіретін құс фабрикасын іске қоспақ. Сондай-ақ, Арал ауданында 2 гектар жерге 20 жылыжай мен жылына 4 мың тонна өнім шығаратын балық өңдеу зауытын салу жоспарлануда. Болашақта бұл салаларда жаңа жұмыс орындарының ашылуы да маңызды, - дейді Талғат Дүйсебаев.

Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін облыста 45 жобаның 9-ы іске қосылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы