Қызылорда қаласы 3 жылда ыстық сумен қамтылады
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қызылорда өңірінде ыстық су мәселесі күрделі. Тұрғындар тарапынан түрлі шағымдар бар. Осы мәселе қалай шешіп жатыр? деп БАҚ өкілдері облыс әкіміне сауал қойды.
Мемлекет басшысы 10 қазан күні арнайы іс-сапармен өңірімізге келді. Өңірдегі бірнеше әлеуметтік нысандармен танысты. Аймақтағы жасалып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Сол кезде Мемлекет басшысына жерлестеріміздің өтінішін жеткіздік. Соның ішінде өңірдегі ең маңызды мәселе Қызылорда қаласын ыстық сумен қамту. Бұл жөнінде Үкіметке, бізге Қызылорда қаласын алдағы 2-3 жылда ыстық сумен қамту бойынша тапсырма берді,-деді облыс әкімі.
Оның айтуынша, бұл бағыттар бойынша жұмыстар басталған.
Демеушілермен бірге жоба жасалды. Мемлекеттік сараптамаға өткізілді. Жақын күндері мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алсақ, әрі қарай министрлікпен, Үкіметпен жұмыс істейміз. Бұл туралы қазір Үкімет тарапынан да , министрлік тарапынан да қолдау бар. Менің жомпарым бойынша алдағы 2-3 жылдыңс ішінде Президенттің тапсырмасы толық ороындалып, Қызылорда қаласы ыстық сумен толық қамтамасыз етіледі,-деді облыс әкімі.