«Қызылорда – Павлодар» трассасында жеңіл көлік аударылып қалды
«Қызылорда – Павлодар» автожолының 706 шақырымында «Рено Дастер» жеңіл автокөлігі аударылып қалды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, жол-көлік оқиғасы орнында Қарағанды облысының Медициналық апаттар орталығының «Ақтөбек» ТМҚК шұғыл әрекет ету бригадасы 3 зардап шеккен азаматқа, оның ішінде 1 балаға шұғыл медициналық көмек көрсетті.
«Зардап шеккендер Сәтпаев қаласының тұрғындары, ауруханаға барудан бас тартты. Жағдайлары қалыпты»,-делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодарда сотталушылар киіз үй жасап жарысты
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы