Қызылорда облысының тұрғынынан 267 түп сора тәркіленді

Тәркіленген сораның жалпы салмағы – 248 келі 740 грамм, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Қызылорда облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және Сырдария аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі өсірген аудан тұрғынын ұстады. 

Жүргізілген жедел жұмыстар нәтижесінде күдіктінің ауласынан биіктігі 1,5-2 метр болатын 267 түп сора өсімдігі тәркіленді. Тәркіленген сораның жалпы салмағы – 248 келі 740 грамм. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. 

Тергеу жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, 1 маусым мен 31 қазан аралығында республика көлемінде “Қарасора – 2024” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы