Қызылорда облысының прокурорлары заңсыз сот актілерінің күшін жойды

Қызылорда облысының прокуратурасымен жүргізілген талдау нәтижесінде 30 заңсыз сот актілерінің күші жойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ағымдағы жылы соттармен 15 әкімшілік істер негізсіз тоқтатылды, 13 әкімшілік іс бойынша ӘҚБтК-тің санкциясында көзделмеген заңсыз төмен жаза тағайындалса, 2 іс бойынша негізсіз жауаптылыққа тарту деректері болған.

Сонымен қатар сот масаң күйде көлік басқарған 3 тұлға жауапкершіліктен босатылғаны анықталып, прокурордың апелляциялық өтінішхаты негізінде кінәлі тұлғаларға 20 тәулік мерзімдегі қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыру түріндегі жаза қолданылған.

Мысалы, 19.07.2024ж. масаң күйде көлік басқарған құқық бұзушы бөтен тұлғаның автокөлігін айдап кетіп, жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға болған жерден бой тасалаған.

Шиелі аудандық сотының 18.09.2024ж. қаулысымен масаң күйде көлік басқарған тұлға жәбірленушімен татуласуына байланысты әкімшілік жауаптылықтан негізсіз босатылған. Осы ретте, облыстық прокуратураның апелляциялық өтінішхаты нәтижесінде кінәліге 20 тәулік мерзімдегі қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Заңнама талаптарының сақталуы облыстық прокуратураның қадағалауында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ -архив
Өзгелердің жаңалығы