Қызылорда облысының балық экспортын 2 есе арттыру жоспарланды - Құрманбаев
BAQ.KZ тілшісі Қызылорда облысында су, балық, орман шаруашылықтары, жануарлар дүниесіне қатысты мәселелер төңірегінде облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Марат Құрманбаевпен аз-кем сұхбат құрды.
– Көктемгі егін науқаны қызып жатыр. Судан мәселе болмай ма?
– Судың мәселесі өңір үшін өте өзекті. Сырдария өзені трансшекаралық өзен болғандықтан, республикаға келетін су көлемі жоғары орналасқан мемлекеттердегі су қоймаларында жиналатын су көлемі мен оны пайдалануына тәуелді. Сырдария өзеніне түсетін негізгі су көзі – Тоқтағұл су қоймасы. Тоқтағұл су қоймасының негізгі жұмысы қыс-көктем айларында электр энергиясын өндіру болғандықтан, барлық су көлемін сол кезендерде төмен ағысқа жіберіп, сәйкесінше Сырдария өзенінде вегетациялық кезеңнен тыс уақыттарда су көлемі ұлғайып, жаз айларында төмендейді.
Бүгінгі күні Шардара су қоймасында жинақталған су көлемі 5,03 миллиард текше метр болса, Көксарай су реттегішінде су көлемі – 1,79 миллиард текше метр.
Қазақстан Республикасынынң Су кодексiнiң 82-бабына сәйкес Арал-Сырдария бассейiндік инспекцuясы 2023 жылдың вегетациялық кезеңге 3.8 миллиард текше метр су пайдалану лимитін белгіленген, бұл дегеніміз 2022 жылмен салыстырғанда 200 миллион текше метрге артық.
2023 жылғы су пайдалану маусымындағы Сырдария өзенінің сулылығы болжамына сәйкес Шардара су қоймасына түсетін су көлемі сәуір айының аяғында Душанбе қаласында өтетін Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан елдері кіреді) кезекті отырысында нақтыланатын болады.
Вегетация кезінде Шардара су қоймасына түсетін су көлемі болжамы нақтыланғаннан кейін, жылдың сулығы болжамына сүйене отырып, тұрақты суаруға бекітілген су лимиттерін қайта белгілеу бойынша тиісті шаралар атқарылады.
Қазіргі таңда «Казсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бассейндік инспекциясы белгіленген лимитке сәйкес су пайдаланушылармен келісім-шартқа отыру жұмыстарын жүргізуде.
– Көлдер жүйесінің, каналдардың жағдайы қалай?
– Каналдардың жағдайы үнемі назарымызда. Осы жылы Сырдария өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан Нарын-Сырдария каскадындағы су қоймалары қыс-көктем айларында энергетикалық режимге өтуіне байланысты төменгі ағысқа мол су жіберілді. Сырдария өзені арқылы келген мол суды тиімді пайдалану мақсатында каналдар мен көлдер жүйелеріне су жіберіліп, облыс аумағында көлдермен шабындықтардың 75-80% суландырылды және Арал теңізінің көлемі 18,5 миллиард текше метрден 20,140 миллиард текше метрге ұлғайды.
Қазіргі таңда обылыстық коммyналдык меншiкке 2 26 (372 нысан) сy шарyашылығы нысандар (каналдар) алынып отыр. Коммyналдық меншiкке қабылданған сy шарyашылығының нысандарын тазалаy, жөндеy кезен-кезенімен атқарылып жатыр.
Биыл облыс бюджеті есебінен елдімекендерді аяқсумен қамту бағытында 78 км құрайтын 7 канал тазаланады және елдімекендерге 21 насос қондырғысын жеткізіліп беріледі, 27 каналға жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары жүргізіледі.
Сондай-ақ, вегетация кезеңінде егінге су жеткізу үшін биыл су жүйелері тазартылды. Атап айтқанда, шаруашылықаралық каналдардың 68 процентіне және ішкі шаруашылықаралық каналдардың 79 процентіне тазалау жумыстары жүргiзілді. Су құрылыстары шаруашылықаралық каналдарының 48,0 процентіне, iшкi шаруашылық каналдардың 70процентіне және насос қондырғылардың 83 процентіне, гидро бекеттердің 88 процентіне жөндеу жұмыстары жасалды. Бұдан бөлек, 69,9 мың гектар шабындық жер, 8,3 мың гектар жер ылғалданып, суғарылды.
– Су үнемдеу мәселесін қалай реттеп жатырсыздар?
– Орынды сұрақ. Су мәселесіне келгенде оны үнемдеу негізгі мақсатымыздың бірі болып отыр. Өңірде суландыру жүйелері мен гидротехникалық құрылыстардың тозуы су ресурстарының шынайы есебін жүргізуге мүмкіндіктер бермеуде. Соның нәтижесінде су шығындары ұлғайып, судың жетіспеуінен өнімнің өзіндік құнының артуына әкеліп соғуда.
Бүгінгі күні егіске қажетті су ресурстарының жетіспеуі аймақтың экономикалық даму жағдайын едәуір қиындатуда. Егістікке берілетін судың 35-40 процентке дейінгі мөлшері ысырап болып жатыр. Соның салдарынан суару каналдарының, тұтастай су жүйесінің пайдалы әсер коэффиценті төмен деңгейде қалып отыр.
«Жасыл Қазақстан» Ұлттық жобасышеңберінде 2025 жылға қарай 16 магистралды және шаруашылық каналдарды цифрландыру жоспарланып отыр. Сонымен бірге суды тиімді пайдалану мақсатында облыс әкiмдiгi Аустралияның «Rubicon Global» компаниясымен аймақтың суландыру жүйелерін автоматтандыру, цифрландыру жобасын іске асыру туралы меморандумға қол қойды. Меморандумның мақсаты республикалық меншіктегі Қызылорда сол жаға магистральды каналы бойындағы (облыстағы 60% егіс келемі орналасқан) аумақтардың суландыру жүйесін жаңғыртуды жоспарлауға бағытталған.
Қазіргі таңда «Rubicon Global» компаниясы Қызылорда сол жаға магистральды (Шіркейлі) каналына зерттеу жұмыстарын жүргізіп, «Қызылорда сол жаға магистралды каналын одан әрі жаңарту үшін жүйені зерртеу туралы» жобасын ұсынды.
– Балық аулауға қатысты жұмыстарыңызды айтып өтсеңіз? Балық экспортының әлеуеті қандай?
– Балық шаруашылығы – экономиканы өсіретін, халықты жұмыспен қамтитын негізгі салалаpдың бiрi. Бұл бағыттағы маңызды жұмыс балық аулау және балық өсіру екені белгілі.
ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес, «Қызылорда облысында балықшаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңiрлiк Бағдарламасы» әзірленген. Онда 2030 жылға дейiн 16 шабақ шарyашылығы, 12 тоған шарyашылығы, 3 тұйық жүйелi сyмен қамтамасыз етy құрылғылары iске қосылуы және көлде таyарлы балық өсiрy шарyашылықтарының саны 55-ке жеткiзy жоспарланған.
Сондай-ақ, бағдарлама бойынша 2022 жылы облыста 409 тн балық өсіруді жоспарласа, бүгінде таyарлы балық өсiрy көлеім 418 тн-ға жетіп отыр. Бір тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғысы, 6 тоған шарушылығы толығымен іске қосылып, көл-тауарлы балық шаруашылықтарының саны 71-ге жетті. 6 шарбақтық шаруашылықтарды құру мақсатында Қамбаш су айдынының учаскелеріне биологиялық негіздеме әзірленіп паспорт жасалды.
Жаңадан қосылып жатқан су айдындарын жергілікті маңызы бар су айдындары тізбесіне алу жұмыстары аяқталуда. Нәтижесімен Арал ауданында орналасқан Қамбаш көлінің 7 учаскесімен 7 су айдындары жалға берілетын болады.
Сондай-ақ, 2022 жылы 3575,7 тонна балық Ресей, Германия, Грузия, Лита, Польше, Нидерланды, Әзірбайжан, Венгрия, Австрия, Чехия, Франция және Қытай мемлекеттеріне экспортталды. Және жоғарыда аталған бағдарламаға сәйкес, 2030 жылға қарай облыстың балық экспортын 2 есеге арттыру жоспарланып отыр.
– «Еврокод» Еуропалық сапа стандартына өткен балық зауыттарының қатарын көбейту жоспарда бар ма?
– Қазіргі таңда облыста 10 балық өңдейтін зауыт жұмыс істейді. Соның төртеуі Еyропалық сапа стандартын растайтын «Еврокод» белгісін алған. Экспортталатын балықтардың қатарына тыран, торта, алабұға, шортан, көксерке жатады. Сонымен қатар, көксерке сүбесі, тыран қанаттары, балық фаршы, балық сүбесі, мұздатылған балық, балық ұны өнімдері өңделген күйінде сыртқа жөнелтіледі. Бұдан басқа аймақта орналасқан балық өңдеу зауыттары Еуропалық сапа стандартын растайтын «Еврокод» белгісін алуға қызығушылық танытып отыр.
– Балық өсіруге, шабақтарды құтқаруға қаншалықты көңіл бөлініп отыр? Балық шаруашылығын дамыту үшін нендей жұмыстар атқарылып жатыр?
– Былтыр облыс бюджетінен балық өсіретін жем сатып алуға кететін шығыстардың 30 процентін субсидиялаyға 8,4 миллион тенге бөлінді. Қазіргі таңда бұл қаражат игерiлдi.
2021 жылы балық шаруашылығы маңызы бар сy айдындарында шарбақтық және көл-тауарлы балық шаруашылығын ұйымдастыру үшін 51 ғылыми-бuологuялық негiздеме әзiрлендi.
Жыл сайын тамыз-қыркүйек-қазан айларында аймақтағы күріш алқаптарында қалған балық шабақтарын құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Былтыр өңірдегі күріш алқаптарында, каналдарда, бөлектеніп қалған су айдындарында шабақ құтқару жұмыстары жүргізілді. Оған 250 адам атсалысты, 40 техника жұмылдырылды. Сөйтіп, 8,2 миллион балық шабағы құтқарылды және балық шаруашылығына маңызы бар су айдындарына жіберілді.
– Балықты қытай торымен аулайтындар немесе тоқпен ұрып өлтіретіндер көбейді. Оларға қатысты қандай шара қолданылып жатыр?
– Облыста жануарлар дүниесін қорғау, табиғат заңдылығын сақтау бойынша бірлескен іс-шара жоспарларына сәйкес, облыс көлемінде мүдделі мекеме қызметкерлерінің қатысуымен бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізіліп отырады. Соған сәйкес, облыс бойынша «Уылдырық-2023» браконьерліктің алдын алу жөніндегі іс-шарасына сәйкес, құқық қорғау және уәкілетті органдарымен бірлесіп тиісті жұмыстар тұрақты атқарылуда.
Сонымен бірге, 2021 жылы басқарма тарапынан тікелей браконьерлермен күрес шараларымен айналысатын 8 инспекторы бар «Жедел қорғау тобы» құрылды. Аталған топ заңсыз әрекеттерге жол бермеу мақсатында жүйелі жұмыстар атқаратын болады.
– Жануарлар дүниесін қорғау мәселесі бойынша не айтасыз? Бізде қандай жануар, құс түрлері мекен етеді, олардың саны қанша?
– Облыста 41 аңшылық алқап бар. Аумағы 9,8 миллион гектар. Ал табиғат пайдаланушыларға аңшылық алқаптардың 17-сі бекітіліп берілген. 24-і резервке қойылды. Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерімен резервтік қордағы аңшылық алқаптарда заңсыз аң ату бойынша рейдтік шаралар жүргізіліп келеді.
Аймақта сүтқоректiiлердiң қырықтан аса түрі, құстардың үш жүз түрі мекен етеді. Солардың ішінде, жануарлар мен құстардың 31 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген.
– Батыс өңірлерде киік, ақбөкендердің саны артып, жайылым жерді таптап кетіп жатқаны айтылуда. Бізде жағдай қалай?
– Облыста жануарлар дүниесін қорғау, табиғат заңдылығын сақтау бойынша бірлескен іс-шара жоспарларына сәйкес басқарма уәкілетті органмен бірлесіп «Киік қорғау» акциясын өткізіп келеді. Атап айтқанда, Киік мүйіздерін сатып алушыларды анықтау және ұстау бойынша, оның ішінде дериваттар сатып алу және сату фактілерін анықтау мәселесіне әлеуметтік желілер мен БАҚ мониторингі бойынша іс-шаралар ұйымдастыру үшін ұтқыр топтар құрылып, табиғат қорғау акциясын өткізу, оның ішінде авиакөлік құралдарын тарта отырып киіктер мекендейтін аймақтарда күзет бекеттері қойылады.
– Аң атуға байланысты жұмысты басқарма қалай реттеп отыр?
– ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиттерін бекіту туралы бұйрығы негізінде облысқа рұқсат етілген жануарлар түріне тиісті лимит бекітіледі. Бұл ретте басқарма «Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру» бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді.
– Сыр өңіріне газ келгеннен кейін сексеуіл, жыңғылдың өсімі жақсарған шығар? Талдау жасап көрдіңіздер ме?
– Дұрыс айтасыз, соңғы уақытта сұйық отынды тұтынуда аймақ тұрғындарының саны артты. Тиісінше облыс көлемінде сексеуіл егу жұмыстары қарқын алды. Бұл ретте Мемлекет басшысының соңғы 5 жыл ішінде Арал теңізінің құрғаған табанында 1,1 миллион гектар жерге сексеуіл екпелерін ұлғайту жөніндегі тапсырмасы бар. Бұл жұмыстар 2021 жылдан бастап атқарылып келеді. Яғни, 2021 жылы 101 мың гектар, 2022 жылы 250 мың гектар жерге фитоорманмелиорациялық жұмыстар жүргізілсе, бұл жұмыстар биылда жалғасатын болады. Биылдың өзінде тағы да 250 мың гектар жерге сексеуіл егу жоспарымызда бар. Қазіргі таңда бұл жұмыстар басталып кетті. Сонымен қоса, Дүниежүзілік банктің қайтарымсыз қаржысы есебінен «Қазақстан Ландшафтарын қалпына келтіру жөніндегі» жобасы аясында, сексеуіл көшеттерін дайындау үшін 33 гектар болатын тұрақты орман тұқымбағын құру және қажетті техникалар сатып алу, Арал теңізінің құрғаған ұлтанының 500 мың гектар картаға түсіру, 100 мың гектар жобалық іздестіру және Қызылорда-Жезқазған автожолының бойында 3 000 гектар алаңда Жасыл аймақ құру сексеуіл екпелерін егу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
– Облыста, соның ішінде Арал теңізінің ұлтанына мыңдаған гектар сексеуіл егіледі. Бірақ оның шығымы қалай болып жатыр? Қанша пайызы өсіп-көктейді?
– Біз Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Арал теңізінің құрғаған табанында 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейін сексеуіл егу жұмыстарын жүргізіп келеміз. Жыл сайын өзінің белгіленген межесі бар. Сексеуіл егу жұмыстары 2021 жылы 101 мың гектар жерге жүргізілсе, 2022 жылы 250 мың гектарға жүргізілді. Биылда бұл жұмыстар өз жалғасын тауып, 250 мың гектарға жүргізу жоспарымызда бар. Алайда бұл жерде егілген сексеуілдің шығымдылығы қандай деген мәселе туындайды. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 19 қазандағы № 17-02/532 бұйрығымен бекітілген «Орман ағаштарын, питомниктерді, табиғи түрде қайта түлеуге ықпал ету шаралары жүргiзілген және мемлекеттік орман қорында табиғи өсірілуге қалдырылған алқаптарды түгендеуді жүргізу қағидасына» сәйкес сексеуілдің шығымдылығы 30 пайызды құрап отыр.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 1 қыркүйектегі №561 бұйрығына сәйкес мемлекеттік орман қорындағы орман көмкермеген жерлерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру ережесіне сәйкес Арал теңізі құрғаған ұлтанында жүргізілген фитоорманмелиорациялық жұмыстар орманмен көмкерген аумаққа 5 жылдан кейін ауысатын болады.
– Орман шаруашылығы саласындағы қызметкерлердің жалақысы көбейді ме? Материалдық-техникалық базаға сын көп айтылатын. Қазіргі жағдай қалай?
– Облыста ормандарды қорғау, молықтыру, сақтау және орман өртін алдын алу мақсатында, 8 орман шаруашылығы мекемелерінде 697 қызметкер жұмыс жасауда. Орманшылардың жалқасы 2021 жылы орташа есеппен алғанда 115 000 теңге болса, 2022 жылы жалақы мөлшері 22 процент өсіп, 163 000 теңге болды. Биыл бұл көрсеткіш тағы да 23 процент өсіп, орманшылардың жалқысы 191 000 теңгені құрап отыр. Алдағы уақытта да орманшылардың жалқысын өсіру жоспарымызда бар. Тиісінше жұмыс күшін соған қарай арттырып, талапты күшейтетін боламыз. Облыс әкімінің қолдауымен 2022 жылы орман мекемелерінің материалды-техникалық базасын нығайту үшін облыстық бюджеттен 600 миллион теңге бөлінген. Бұл қаржыға трактор, орман отырғызу агрегаты, вахталық автобус, су тасымалдауыш, өрт сөндіру автокөлігі, патрулдік автокөлік, жанар-жағармай тасымалдауыш сынды 49 техника сатып алынып, қазіргі уақытта бұл техникалардың барлығы орман қоры жерлерінде ормандарды қорғау, молықтыру, сақтау және орман өртін алдын алу бағытында жұмыс істеп жатыр. Биыл да трактор, трактор тіркемесі, орман және көшет отырғызу агрегаттары, өрт сөндіру автокөліктері, мотоцикл, УАЗ таблетка автокөлігі және өзге де орман шаруашылығына қатысты 109 техника алу жоспарымызда бар.
– Орман өртіне қатысты не айтасыз?
– Орман өртін болдырмау және алдын алу мақсатында орман шаруашылығы мекемелерінде 11 дана өрт сөндіру автокөлігі мен 53 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқарады. Осы жылдың 13 наурызында Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, мемлекеттік орман қоры жерлерінде өрт қауіпі бар маусымы 20 наурызда басталды.
Осы жылы өрт қауіпті маусымында орман және дала өрттерін алдын алу үшін 15 дана өрт қадағалау мұнараларында тұрақты кезекшіліктер ұйымдастырылуда.Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша өрт қауіпті учаскелерде 488 шақырымға жаңадан өрт жолақтары орнатылған болса, биылғы жылы жыл басынан бері 542 өрт жолақтары орнатылды. Сондай-ақ 2022 жылы 3 229 шақырымға ескі өрт жолақтары қалпына келтірілген болса, бұл көрсеткіш ағымдағы жылдың соңына дейін 1,5 есеге яғни, 5918 шақырымға ескі өрт жолақтарын жүргіземіз деп жоспарлап отырмыз.
Осы жылдың сәуір айында жергілікті атқарушы органдармен, орман шаруашылығы қызметкерлерімен бірлесіп, далалық алқаптарда өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілуде.
Сонымен қатар, өрт қауіпті деген жерлерге 20 дана аншлаг пен панно орналастырылды және 1 379 дана елді мекендердегі тұрғындар мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге ескерту хаттар таратылды. Бұдан бөлек, түсіндірме жұмыстары, бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жарияланды.
Биыл орман шаруашылығы мекемелеріне облыстық бюджеттен 2 дана өрт сөндіру автокөлігі сатып алуға қаржы бөлінді.
– Қалдық, қоқысты жинау, өңдеу мәселесі қалай шешіліп жатыр? Экологиялық, санитарлық талаптар сақталып жатыр ма?
– Аймақтың экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында облыс әкімдігімен экологиялық талаптарға және санитарлық нормаларға сәйкес полигондар мен сұрыптау кешендерін салу бойынша жұмыстар атқарылуда.
Сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау және өңірдегі өзекті экологиялық мәселелерді шешу мақсатында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, Қызылорда облысының экологиялық мәселелерін кешенді шешу жөніндегі Жол картасы бекітілді. Кешенді жоспар 7 бағытты қамтитын 52 іс-шарадан тұрады.
– Қызылорда қаласының іргесіндегі қоқыс полигонынан шыққан көк түтін Белкөл кенті мен Тастөгет кентін алып кетеді. Тұрғындары жиі шағымданады. Бұл туралы не айтасыз?
– Иә, расындада қаладағы жаңадан салынған тұрмыстық қалдықтар полигонында а.ж. 28 наурыз күні сағат 18:00-де № 3 қалдықтар картасында өздігінен тұтану әсерінен өрт орын алып, дер кезінде қабылданған шаралар нәтижесімен сөндірілген.
Негізінен полигонның жұмыс регламенті бойынша қаладан шыққан тұрмыстық қатты қалдықтар (коммуналдық қалдықтар) арнайы сұрыптау (сортировка) цехында сұрыпталып, бөлек жинақталып, қалған кәдеге жарамайтын бөлігі арнайы карталарға көмілуге жатады. Бұл сұрыптау цехы қаладан (көп қабатты үйлерден, әлеуметтік және әкімшілік ғимараттардан және т.б.) шыққан коммуналдық қалдықтарды ғана сұрыптауға бейімделген.
Алайда, қаладағы ескі полигонның бүгінгі күні жабылуына байланысты қала аумағындағы жер үйлерден шыққан, құрамында коммуналдық қалдықтардан басқа қалдықтартүрлері жаңа полигонға алып келініп, сұрыптаудан өткізу мүмкіндігі болмағандықтан карталарға тікелей төгіліп, карталардың тез толуына алып келуде.
Нәтижесінде өртенуге және тұтануға бейім қалдықтар түрлі себептермен (өздігінен қызудан, қаладан шала өртеніп келген қызуы бар қалдықтардан) тұтанып өртке алып келіп, қала, Белкөл және Тасбөгет кенті тұрғындарына кері әсерін тигізуде.
Қазіргі таңда, басқарма тарапынан тиісті ұсыныстар енгізіліп, қала әкімдігімен бірлесіп тиісті жұмыстар жүргізілуде.
– Сұхбаттасқаныңызға рақмет!