Қызылорда облысында жүк пойызы 11 қойды қағып кетті

Оқиға Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы № 26 разьезд аумағында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жүк пойызының машинисі темір жолда ұсақ малдың болуына байланысты шұғыл тежеуді басқан.

Оқиға барысында 11 бас қой поездың астына түскен. Жоспарланбаған пойыз тұрағы 10 минутты құрады. Тексеру барысында Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері қойлардың иесі 32 жастағы азаматты анықтады. Ер адам теміржолға бөлінген жолақта мал жаю ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп мәлім етті Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінен.

Көлік полициясының қызметкерлері шаруа қожалықтарының иелеріне қауіпсіздік шаралары туралы тағы да ескертеді.

Теміржол маңында мал жаю кезінде мұқият болуды сұрайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы