Қызылорда облысында жас полицейлер ант қабылдады

Конституция күні қарсаңында Жаңақорған ауданы полиция бөлімінде жас қызметкерлердің салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ант беру – халыққа және елге адал қызмет етудің белгісі және де халық алдында адал қызмет етуге ант берген қатардағы әрбір тәртіп сақшысына үлкен жауапкершілік жүктеледі.

Полиция қызметіне жаңадан қосылған қызметкерлерді осындай маңызды күндерімен полиция бөлімі бастығының тәрбие және кадр жұмысы жөніндегі орынбасары Алтай Бұйрабеков құттықтап, өздерінің қызметтері мен азаматтық борыштарын абыроймен атқаруларына сенім білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы